Блогер Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде күйеуінен гүл алған сәтінде түсірілген бейнежазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сондай-ақ ол видеоның сипаттама бөліміне ер адамның қандай болуы керек екені жайында жазба қалдырған.
«Отбасының тірегі-еркек! Тірек әлсіз болса шаңырақ құлайды. Еркектің еркектігі айқайлауында немесе тек ақша табуында емес, қорған бола білуінде! Қорған болу-қорғау! Қорғау дегеніміз жаудан қорғау емес. Әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын қорғау керек! Отбасы-аманат! Аманатты иесіне қайтарғанда ұялмайтындай болу керек», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.