Ақтөбеде 14 жастағы қыздың жүкті екенін байқамаған мамандар жұмыстан босатылды

Бүгін, 16:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе облысында дәрігерлер бірнеше рет мектеп оқушысының жүкті екенін байқамай қалған. Осы жағдайдан кейін бірқатар мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

13 қазанда тоғызыншы сынып оқушысы босанды. Өңірдің білім басқармасы қыздың медициналық мекемеге үш рет барғанын, алайда дәрігерлер оның жүктілік белгілерін анықтай алмағанын хабарлаған.

Күдікті ұсталып, полиция қылмыстық іс қозғаған.

"Комиссия құрылды. Жүктілікті ерте кезеңде анықтауы тиіс тексеруді жүргізген қызметкерлерді қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды. Аудандық білім бөлімінің басшысынан бастап бірнеше қызметкерге жаза қолданылды. Олар қызметтерінен босатылды", – деді облысы әкімі.

Қызға көмек көрсетіп жатқан психологтардың жұмысы жергілікті бюджет есебінен төленуде.

Тэгтер:

Ақтөбе облысы Жасөспірім жүктілік Оқушы қыз