Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 519,41 теңгені құрап, 1,47 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің 19 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 521,01 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 519,3 теңге, сату бағамы – 521,49 теңге. Астанада долларды айырбастау пункттері орта есеппен 517,55 теңгеден сатып алып, 524,55 теңгеден сатып жатыр. Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы – 518,79 теңге, сату бағасы – 520,97 теңге.
Еске салайық, 17 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,37 теңгеге өсіп, 18 қарашада 2,63 теңгеге төмендеген еді.