Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақтағы жарыс жолын ширек финалдан бастады.
Бұл кезеңде ол түрік балуаны Зейнеп Етгилмен белдесті. Кездесу 11:8 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.