Шығыс Қазақстанда 348 млн теңгеге балық өсіру кешені салынады

Бүгін, 12:23 / Інжу Әлихан
АШМ

Шығыс Қазақстан облысында балық шаруашылығы саласындағы жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Самал Тау» серіктестігі жылына 50 тонна өнім өндіретін балық өсіру кешенінің құрылысын бастамақ.

2025-2026 жылдарға жоспарланған жоба шеңберінде балық өсіруге арналған екі ангар, жем қоймасы және бес арнайы тоған салу көзделген.

Екі ангар мен тоғандар жүйесі форель тұқымдарын өсіруге арналмақ.

Өндірістік бөлімі диаметрі 6 метр, биіктігі 1,1 метр болатын жиырма дөңгелек бассейнмен, сондай-ақ өлшемдері 15×1,1 м және 12×1,1 м болатын екі капсула тәрізді бассейнмен жабдықталады. Қосымша тағы бес тоған қамтылған. Оның үшеуі — 15×15 м, екеуі — 20×15 м көлемінде.

Басты мақсат — өңірде аталған сала дамуына тың серпін беру және отандық балық шаруашылығының әлеуетін нығайту