Қазақстан отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазалау мерзімін ұзартуға ниетті

Қазақстан отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазалау мерзімін ұзартуға ниетті

Қазақстан отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазалау мерзімін ұзартуға ниетті
ашық дереккөзі
Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылықты азайту үшін одан жапа шеккендерден гөрі зорлық жасайтындармен жұмыс істеген жөн деп мәлімдеді бас прокурор Жақып Асанов. Бас прокуратурада өткен Ұлттық комиссияның президент жанындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі отырысында Асанов былтыр әйелдерге қарсы қылмыстар саны 90 пайызға өскенін айтты.
Бас прокурор келтірген дерек бойынша, өткен жылы отбасындағы зорлық-зомбылықтан 36 әйел мен бір бала көз жұмған, 2481 әйел мен 851 бала зорланған. Зорлық-зомбылыққа төзбеген 742 әйел мен 175 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Отбасындағы әрбір үшінші қылмыс - кісі өлтіру болған. Асанов бұған қоса неке және отбасы туралы заңға, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге және басқа да заңдарға отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға қатысты түзетулер жобасы дайындалғанын, отбасымен жұмыс істейтін дербес құрылымдар құру керегін айтты. Оның пікірінше, мектептерге отбасы, этика және психология, отбасы өмірі негіздері бойынша пән енгізу, айықтырғыштардан гөрі психологиялық орталықтар құрған дұрысырақ екенін айтты. Отырысқа мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та қатысты.