«Басына келгенде түсінеді»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызбен неге араласпай жүргенін айтты

Бүгін, 05:59 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасы туралы пікір білдіріп тағы да желіні шулатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Threads қолданушысы жазды. 

"Мен сізді ана ретінде қолдаймын. Бас иемін. Бірақ Жұлдыз және оның ата-анасымен неге қарым-қатынасты дұрыстамайсыз?", деп сұрақ қойған оқырман. 

Гүлзира Айдарбекова оған төмендегідей жауап берді. 

"Мен Құдай емеспін ғой бәрі менің қолымда болатындай. Әр адамның өз қалауы бар емес пе? Оның үстіне 5 козырь қолында, оның бәрі өз ұрпағым. Әрі керең, әрі соқырмыз. Солардың бақыты үшін не істемейміз, әр адам басына келгенде түсінер. Көрінген таудың алыстығы жоқ дегендей балалары өсіп жатыр. Сиырға туған күн бұзауға да туады. Сол кезде бәрін түсінетін болады", - деп жазды медиа маман.