Қазгидромет маңызды ескерту жасады

Бүгін, 05:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 19 қарашада еліміздің 14 өңірінде ауа райы нашарлап, тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атырау, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең қою тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұманмен қатар көктайғақ болып, күндіз бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында 15–20 м/с дейін жел күтіледі. Алматы облысының таулы аймақтарында да желдің күші 18 м/с жетеді.

Синоптиктер жолда сақ болуға және ауа райына байланысты ескерту шараларын қаперде ұстауға кеңес береді.