Пулада (Хорватия) Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Матчтағы жалғыз гол ойынның 25 минутында соғылды. Отандастарымыз есепті қанша теңестіруге тырысқанымен шамалары жетпеді. Допқа иелік ету бойынша Қазақстан командасының ойыншылар белсенді болғанымен, нәтижелі ойын көрсете алмады.
Айта кетейік, екі команда да футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі ойындарын аяқтады. Қазақстан J тобында сегіз матчта сегіз ұпай жинап, төртінші орын алды. Фарер аралдары құрамасы L тобында 2026 жылғы Әлем чемпионатына шығу үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алды, алайда қорытындысында 12 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.