Ерке ЕсмаханТүркістан облысында болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан адамдар тізімін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Марқұмдардың аман қалған жақындарына қайғырып көңіл айтам... Сөз тауып айту да қиын! Алла панасына алсын. Жайлары жұмақ болсын!», – деп жазды әнші.
Еске салайық, Түркістан облысында жер үй өртеніп, салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың 9-ы бала.