"Келіндерінің бағы бар": Қайрат Нұртастың әкесі желі қолданушыларын сүйсінтті

18 қараша, 2025 / Өтей Торғайұлы

Немересіне домбырамен ән салған Нұртас Айдарбеков желі қолданушыларының ыстық ықыласына кенелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол көпшілікке Әміре есімді немересін жұбайы екеуі қалай бағып жүргендері жайлы видео көрсеткен. Сондай-ақ әлеуметтік желіге жазба қалдырды.

"Апасы көтеріп, атасы артынан еріп жүріп әндетіп, өсіріп жатырмыз Әміре немеремізді. Ән тыңдағанды қатырады…", - деп жазды Н. Айдарбеков.

Мұны көрген желі қолданушылары авторға жылы лебіздерін жаудырған.

"Нұртас аға, Гүлзира ханым керемет жандар", "Атасы мен енесі қандай күшті!", "Менің де қайын атам сіздей адам. Құдайға шүкір, қайын атамдай адамға келін болғаныма", "Атасы өте керемет жан", "Керемет отбасы. Келіндерінің бағы бар екен", - деп жазды желідегі жұрт.

Тэгтер:

әнші Қайрат Нұртас немере