Лара Алейшо Қазыбек Құрайыштың «Таптым-ау сені» атты әнін орындады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Португалиялық әнші қазақ тіліндегі ең танымал әндердің бірін орындап, Қазнетті таңғалдырды. Видеоны ол Instagram парақшасына жариялаған.
«Бұл ән мені Қазақстанмен таныстырды. Мен қазақ әндерін қатты жақсы көремін және жаңаларын үйренуді жалғастырамын», — деп жазды ол.
Белгілі болғандай, Лараның Қазақстанмен таныстығы Димаш Құдайбергеннің «Singer» қытай шоуында All By Myself әнін орындағанын естігеннен кейін басталған.