Астанада үйдің қасбеті құлады: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Бүгін, 17:46 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғын үйдің қасбетіндегі қаптама құлаған кезде зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

8 қарашада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тұрғын үйдің қаптамасы құлап, үш адам зардап шекті. Оларға жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсетуге келген, алайда олар да жарақат алған. Барлығы бес адам ауруханаға жеткізілді. Бүгін фельдшер Ұлдана Мырзуан алған жарақаттарының ауырлығына байланысты ауруханада көз жұмды.

Екінші фельдшерді 17 қарашада ауруханадан шығарған.

«Тағы бір науқас профильді бөлімшеде бақылауда, жағдайы ауыр. Ал басқа науқас политравма бөлімінде жатыр, жағдайы қанағаттанарлық», — деп мәлімдеді басқарма.

Бесінші науқастың жағдайы жақсарған, оны шығуға дайындап жатыр.

Тэгтер:

дәрігер Тұрғын үй Құлау фельдшер қасбет