Нұрлан имам Түркістан облысында 12 адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға көңіл айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бәріміз Аллаға қайтушымыз... Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ, жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ. Елдің басына түскен алапат өрттен Түркістан облысында @turkistan_oblysy болған қайғылы қазаға көңіл айтамын. Жаратып Жасаған Алла өрт апаты салдарынан марқұм болғандарға шаһид дәрежесін, сауабын беріп, мекендерін жәннеті қылғай. Құран мен дұғада болыңыздар. Өрттің мән-жайын жіті анықтап, қажетті көмек беруді Мемлекет басшысы тапсырды. Онсыз да өте қиын жағдайда алып- қашпа сөздерге, ақпараттар мен пікірлерге сақ болуға шақырамын», – деп жазды имам.
Еске сала кетейік, қайғылы оқтға 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданы, Алғабас ауылында болды. Жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан тоғыз бала, үш ересек адам көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкіміне жақын туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетуді және трагедияның себептерін анықтау бойынша тергеу жүргізуді тапсырды.