Қызылордада «Қазсушар» филиалынан 188 млн теңге жымқырылған

Бүгін, 16:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, «Қазсушар» РМК облыстық филиалын тексеру барысында 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегені белгілі болды.

Бұл ретте қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылған (60 мың тонна).

Табиғи материал – Көкарал бөгетінің стратегиялық нысанын нығайту үшін өте қажет екенін айта кету керек.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 188 млн теңгеден астам шығын келген.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді (лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру, аса iрi мөлшерде жасаған).

Соттың санкциясымен «Қазсушар» РМК филиалының бес лауазымды тұлғасы мен бас мердігер қамауға алынды.

Қылмыстық істі облыстың арнайы прокурорлары тергеді.

Қазіргі таңда, ол бойынша іс аяқталып, сотқа жіберілді.

Тэгтер:

ақша жымқыру Қазсушар