Қостанай облысында ерлі-зайыптылар ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасаған

Бүгін, 14:12 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының прокуратурасы ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасау және оларды одан әрі өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында Әулиекөл ауданының аумағында тұратын ерлі-зайыптылар 2024 жылғы желтоқсан мен 2025 жылғы тамыз аралығында өз үйлерінде түрлі-түсті принтерді пайдалана отырып, кейіннен ақшалай сыйақыға сатылатын 1-нысанды (мал мен ет өнімдерін тасымалдау құқығын білдіретін) ветеринариялық анықтамаларды қолдан жасағаны анықталды.

Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша, атап айтқанда, алдын ала сөз байласу бойынша топпен бірнеше рет жасалған ресми құжатты қолдан жасау және  өткізу бойынша сараланған.

Баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қылмыстық іс Әулиекөл аудандық сотына жолданды.

Тэгтер:

Қостанай облысы ветеринария ет өнімдері анықтама