Астанада 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті құлап, комаға түскен 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан тура он күн өткеннен кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"18 қарашада өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алған фельдшер әріптесіміз қайтыс болғанын қайғыра айтамыз. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының бір бөлігі құлаған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсете отырып, өзі де ауыр жарақат алып, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлайды Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.
Еске сала кетейік, Ұлдана ауруханада ауыр халде жатқан еді. Ол 8 қараша күні әріптестеріне көмектесу үшін таңғы сағат 10:30 шамасында оқиға орнына барған. Жолдасы Әділет Ұлдана екі адамды алып шығып үлгергенін айтады. Фельдшер тағы бір адамды көтеріп жатқан сәтте, жоғарыдан кондиционер үзіліп, оның басына түскен.
Ұлдана бес жыл бойы фельдшер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ ол бірнеше апта бұрын ғана шаңырақ көтерген екен. Жолдасы Әділет те дәрігер.