Күніне бір анар жеген адамның иммундық жасушалары 28 күн ішінде жаңарады

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Германияның Георг-Шпайер институтының ғалымдары анар, жаңғақ және бадам сияқты өнімдердегі "уролитин А" атты табиғи қосылыс адамның жасушаларын небәрі 28 күн ішінде жасартатынын анықтады. Зерттеу Nature Aging журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл зат ішекте белгілі бір бактериялардың әсерінен түзіледі және ол иммундық жүйені қалпына келтіріп, жасушалардың зақымдануын, қабынуды және қатерлі ісік секілді созылмалы ауруларды тежей алады. Бұған дейін ғалымдар уролитин А митохондрияларды жаңартуға қабілетті екенін дәлелдеген болатын.

Зерттеу кезінде 45-70 жас аралығындағы 50 адамға төрт апта бойы уролитин А қосымшасы немесе плацебо берілген. Талдау нәтижесінде бұл табиғи қосылыс:

Ғалымдар бұл зат митофагия деп аталатын процесті белсендіріп, ескі жасушаларды «тазалап», олардың орнына жаңаларын қалыптастыратынын айтады.

Зерттеу жетекшісі доктор Доминик Денк былай дейді:

«Біз алғаш рет уролитин А-ның адамдағы иммундық жасушаларды қауіпсіз және тиімді жасартатынын дәлелдедік. Бұл – қатерлі ісікпен күресте және орта жастағы адамдардың иммунитетін нығайтуда үлкен қадам».

Мамандардың пікірінше, болашақта уролитин А қартаюға қарсы табиғи терапияның жаңа дәуірін ашуы мүмкін.

Тэгтер:

ғалым адам жасуша жасарту