Бүгін таңда Түркістан облысының Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйде өрт болып, 12 адам қаза тапты. Оның тоғызы – бала. Өрт болған үйдің суреті жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қаза тапқан балалар 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2021, 2019 жылғы», - делінген жергілікті әкімдік хабарламасында.
Екі ересек адам мен бір бала ауруханаға жеткізілген. Бәрі реанимацияда жатыр. Жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.