«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Оңтүстік Корея чемпионатына ауысуы мүмкін

Бүгін, 12:00 / Дана Ізтілеуова
"Қайрат" ФК

Беларусь ұлттық құрамасының әрі «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Валерий Громыко маусым соңында Оңтүстік Кореяның топ клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, кореялық клуб биылғы футбол маусымы аяқталған соң ойыншыға келісімшарт ұсынбақ.

Громыко биылғы маусымда 39 кездесу өткізіп, 6 гол салып, 11 ассист жасады. Оның алматылық «Қайратпен» арадағы келісімшарты жыл соңында аяқталмақ.

Тэгтер:

«Қайрат» футбол клубы Оңтүстік Корея чемпионаты Валерий Громыко