Ғарыштан түсірілген Каспий теңізінің жаңа суреттері пайда болды

Бүгін, 10:23 / Інжу Әлихан

Роскосмостың сынақ-ғарышкері Олег Артемьев Халықаралық ғарыш станциясының бортынан түсірілген жаңа фотоларын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы ғарышкер өте қызықты топтама дайындаған.

Суреттерде Аден шығанағы, Йемен мен Оман, күн батқан кездегі Парсы шығанағы, Карпентария шығанағы, Габес шығанағы, Триполи, Грекиядағы Коринф шығанағы, Ормуз бұғазы және Оман шығанағы көрсетілген.

Сонымен қатар ол Каспий теңізі мен Қара-Боғаз-Гол шығанағын жеке түсіріп алған.

Федералдық «НАСА» агенттігінің мәліметінше, Халықаралық ғарыш стансасы Жерден шамамен 370–460 км биіктікте орналасқан.