«Қыдырмайтын ер адам – еркек емес»: Танымал әншінің пікірі қызу талқыға түсті

Бүгін, 06:19 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Болат Назарбаевтың тоқалы болғанын айтып, желіні дүрліктірген әнші Динара Алжан жаңа сұхбатында ерлер туралы көзқарасын ашық айтты, деп жазады turkystan.kz.

Өнер иесі бұл пікірін Kezdesu бағдарламасында бөлісіп, қоғамдық талқылаудың ортасына түсті.

Әншінің айтуынша, ер азаматтарға белгілі бір еркіндік қажет:

"Меніңше, қыдырмайтын ер адам – еркек емес. Ерлердің жүруі, араласуы, қыдыруы табиғи нәрсе. Олар әрдайым үйде отыра берсе, қызығушылық жоғалады. Қызғаныш та бар, бірақ шын жақсы көрсең — бәріне шыдайсың", – деді ол.