«Ұраным – Алаш», "Дулыға" кітабының тұсауы кесілді

«Ұраным – Алаш», "Дулыға" кітабының тұсауы кесілді

«Ұраным – Алаш», "Дулыға" кітабының тұсауы кесілді
ашық дереккөзі
Туынды авторы Тұрсын Жұрт­бай нағыз алашшыл азамат. Бұған дейін осы тақырыпты қаузаған «Ұраным – Алаш» атты кітаптар сериясы қазақша жарық көрген болатын.
Жоғарыдағы орыс тілінде шыққан 1100 беттік көлемді туынды «Ұраным – Алаштың» толықтырылған аудар­масы. Екінші кітап «Акинак» автордың тағы бір құнды еңбегі – екі томдық «Дулыға» кітабының жетілдірілген орысша нұсқасы. Кітапта Геродоттың шығармасы арқылы таныс Тарғытайдан бас­тап, көк түріктер дәуірінің билеу­шілері Білге қаған, Күлтегін қа­тарлы 77 тарихи адамның есім-тұлғасы баяндалады. Тұсаукесер үстінде пікір біл­дірген танымал тарихшы Болат Көмековтің пайымынша, Тұрсын Құдакелдіұлының «Акинагы» – күллі Еуразия кеңістігін қам­ти­тын хронологиялық кітап һәм ұлттың тарихи санасын қа­лып­­тастыратын дүние. Ал екін­ші туынды – шын мәнінде Алаш­тың қаны мен көзінің жасы. Бұл кітаптың жазылуына бір­ден-бір себепші адам – Олжас Сү­лейменов. Олжекең 1987 жы­лы 13 қаңтар күні Тұрсынды шақырып алып, Мемлекеттік қау­іпсіздік комитетінің архивіне кіріп, құжаттармен танысуға рұқсат алып берген. Архивте 2 жыл тапжылмай отырған Т.Жұрт­байдың еңбегі кі­тап болып 30 жылдан кейін то­лық күйінде жарық көріп отыр. Жиынға құрметті қонақ ре­тінде қатысқан Олжас Омар­ұлы: «Тұрсын жабулы қазан­ның бетін ашу үшін 30 жыл ғұ­мырын арнады. Ауыр еңбекті аса табан­дылықпен атқарып шықты», деп авторға зор алғысын білдірді.