Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 05:27 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

 «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылдың 18 қарашасында Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.