Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ширек финалда ол Қырғызстан өкілі Ихтиар Нишоновпен жұдырықтасты.
Мұрсал кездесу барысында басымдық танытып, жеңіске жетті және Әлем кубогінің жартылай финалына өтті.
Осылайша ол кем дегенде қола медаль иегері атану құқығына ие болды.
Нұрбектің жартылай финалдағы қарсыласы Украина боксшысы Юрий Захарьев болмақ.