Қытай азаматы Астана қаласының халықаралық әуежайында ойына келгенін істеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана қаласының халықаралық әуежайының екінші қабатын патрульдеу барысында ішкі әуе рейстеріне арналған күту залында полиция қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 47 жастағы азаматын анықтады. Ол қоғамдық мінез-құлық нормаларын бұзып, белгіленбеген жерде мұрнын сіңбіріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық орынды ластаған.
"Көлік полицейлері құқықбұзушыны қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Көліктегі ПД қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Мұндай құқықбұзушылықтар айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, адамдар көп жиналатын орындардағы белгіленген тәртіпті бұзады", - дейді полициядағылар.
2025 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаменті әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 80 886 адамды жауапкершілікке тартты, олардың 7 049-ы қоғамдық орындарды ластағаны үшін жазаға кесілген.