Қаңтар-қазан айларында Астана халықаралық әуежайы шамамен 7,8 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% көп, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өсу көрсеткіші ішкі бағыттарда да, халықаралық бағыттарда да байқалады.
Сондай-ақ шамамен 90 мың жолаушы елордалық әуежайды транзиттік торап ретінде пайдаланған. Бұл Астананың аймақтық авиациялық хабқа айналып келе жатқанын көрсетеді.