Жамбылда автокөлік жүріп келе жатқан пойыздың вагонына соғылған

Бүгін, 15:47 / Алуа Арман
видеодан скриншот

14 қарашада Шу–Тараз учаскесінде, Жамбыл облысы Меркі ауданының Тәтті станциясында Lada Niva көлігінің жүргізушісі күзетілмейтін теміржол өткелінде тыйым салынған сигналды елемей, өтіп бара жатқан пойызға тым жақын жақындап, «Алматы — Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызының орта бөлігіндегі вагонға соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

— Оқиға түнгі уақытта болған. Пойыз бағыты бойынша жолын жалғастырды. Шымкент станциясында вагондарға техникалық тексеріс жүргізілді. Қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар анықталған жоқ, — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Жүргізушінің кім екені анықталды, құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

Автокөлік Пойыз Вагон Жамбыл Меркі соғылу