Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, жасөспірім күндіз үйден шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қызды іздеу үшін аудандық полицияның жеке құрамы жұмылдырылып, қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Іздеу барысында полицейлер оның таныстарын, байланыстарын және болуы мүмкін жерлерін анықтады.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары 15 жастағы оқушыны Алматыдан тапты. Ол мегаполиске өз бетімен кетіп, серуендемек болған. Қыз аман-есен үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.
Қазіргі уақытта полицейлер жасөспіріммен профилактикалық әңгіме өткізді, сондай-ақ оның ата-анасына да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.