9 жыл сәби сүйе алмай, емделіп, жақында ұлды болған блогер көп күткен баласына ерекше есім берді. Ол ұлына Әлем деп ат қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Біздің әлемге қош келдің, Бағзат Әлем Елдосұлы! ӘЛЕМ – шексіздік, кеңдік, еркіндік. Күні 12.11.2025 , уақыты таңғы 08:29. Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол! Саған бізді танитын әлем тілеулес болды, сол себепті есімің ӘЛЕМ ЕЛДОСҰЛЫ!», - деп жазды ол желідегі парақшасында.