Маңғыстаулық спортшылар гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

Бүгін, 12:59 / Інжу Әлихан
Lada.kz

Ересектер арасындағы гір көтеруден әлем чемпионаты Қытайда өтіп жатыр. Маңғыстау спортшылары екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

13-18 қараша аралығында Қытайда әлемнің мықты гір көтерушілері бас қосқан әлем чемпионаты өтуде. Маңғыстаудың намысын Бақытжан Советханов, Нартай Алтыбаев және Аманесен Бисенов қорғады.

Әлем чемпионы атанғандар:

Ал Бақытжан Советханов 95 кг дейінгі салмақта («ұзақ цикл» дисциплинасы) күміс жүлдегер болды.

«Кез келген жеңіс — кездейсоқтық емес. Оның артында жылдар бойы жинаған қажырлы еңбек, ерік-жігер және өз ісіне деген адалдық жатыр. Біздің спортшылар тек жарысқа шыққан жоқ олар мінез, төзім және кәсібилік көрсетті. Әрқайсысы өзіне жүктелген міндетті толық орындап, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді», — деді Маңғыстау облысының гір көтеру жаттықтырушысы Асхат Олжабаев.