Полиция Түркісіб ауданында тиісті лицензиясыз ішімдік сату фактілерін анықтады.
Заңсыз өнім тәркіленіп, сатумен айналысқан азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот материалдарды қарап, өнімді заңда белгіленген тәртіппен жою туралы шешім шығарды.
– Алкогольдің көлеңкелі саудасымен күрес – профилактикалық жұмыстың басым бағыттарының бірі. Біз алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтатамыз. Бұл – жай тексеріс емес, бұл адамдардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп мәселесі. Біздің міндет – мұндай нүктелерді жою және заң бұзғандарға міндетті түрде жауапкершілік жүктеу, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Алматы қаласының полиция департаменті тұрғындарға заңсыз алкоголь сату – құқық бұзушылық екенін және заңда көзделген шаралармен жазаланатынын ескертеді.