Жетісу облысында жергілікті тұрғыннан заңсыз қару тәркіленді

Бүгін, 10:40 / Інжу Әлихан

Полиция Кербұлақ ауданының Қарашоқы ауылы маңында  УАЗ автокөлігін тоқтатып, 65 жастағы жергілікті тұрғыннан құжаттары жоқ екі аңшы мылтығы (12 және 16 калибрлі қарулар) анықталды. 

Азамат қаруды сақтау және алып жүруге қатысты ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады. 

Аталған құқық бұзушылық бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін аудандық полиция бөліміне жолданды. 

Биылғы жылдың басынан бері Жетісу полицейлері тіркелмеген қаруды заңсыз тасымалдау және сақтау бойынша 50 факті, сондай-ақ браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 23 экологиялық құқық бұзушылық анықтады.