Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылды

Бүгін, 10:26 / Дана Ізтілеуова
Отель Ciel Dubai Marina. Фото: The National

Дубайда күні кеше ашылған Ciel Dubai Marina қонақүйі ресми түрде әлемдегі ең биік қонақүй деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz The National-ға сілтеме жасап.

Қонақүйдің биіктігі – 377 метр. Ол бұған дейін Дубайда ең биік нысан саналған тағы бір қонақүй Gevora Hotel-дің ( 356 метр) биіктігінен асып түсті. Оның құрылысына 2 млрд дирхам (544 млн доллар) жұмсалған. 82 қабатты қамтитын қонақүйде 1004 бөлме бар.

Айта кетейік, Дубайда әлемдегі ең биік 10 қонақүйдің 8-і орналасқан.

Тэгтер:

Дубай әлемдегі ең биік қонақүй