Ақмола облысы прокуратурасы тексеру жүргізіп, уәкілетті органдардың адам өлтіру және өзге де қылмыстар үшін сотталған тұлғаларды қамқоршы ретінде тағайындау деректері анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қамқоршылар мен қорғаншылар болып психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар тағайындалмауға тиіс.
Мәселен, екі бірдей әрекетке қабілетсіз тұлғаға бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған тұлға қамқоршы болған.
Бұдан басқа, әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы ретінде «шизофрения» диагнозы қойылған азамат тағайындалған.
Сондай-ақ, уәкілетті органдармен әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөнінде шаралар қабылданбаған.
Нәтижесінде, облыстың 28 қайтыс болған тұлғасы әлі де «әрекетке қабілетсіз» санатындағы есепте тұрған тұлғалар қатарында көрсетілген.
Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде бұрын сотталған қамқоршылар және психикалық ауытқуы бар тұлғалар өз міндеттерінен шектетілді, деректер заңнамаға сәйкестендірілді, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.