«Бәрекелді» бағдарламасына қонақ болған «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов өз өміріндегі қиындықтарды алғаш рет ашық айтты, деп жазады turkystan.kz.
Әншінің айтуынша, ол еңбекке ерте араласып, өмірдің таяғын тым жас кезінен сезінген.
«Маңдайымызға жазылған тағдыр шығар. Сынақ десе болады. Әкеміз ерте кетті де, біз еңбекке жас кезімізден араластық. Кезінде әкеміз қызғаншақ болып, анамыз жұмыс істемеген. Әкеміз кеткеннен кейін колледждің дипломымен жұмысқа шығуына тура келді. Әйтсе де анамыздың айлығы жетпейтін. Содан біз өз күнімізді өзіміз көруіміз керек деген ұстаныммен кафеге барып ән айттық. Әнді өңдеуді үйрендік. Үйге салмақ салмаймыз деп жатыр ғой. Салмақ салған күннің өзінде беретін ештеңесі жоқ қой. Бір киімді екі бала болып кидік. Сондай уақыт еді», - дейді ол.