Риддерде жаңа туған нәресте шұғыл түрде Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

16 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» экипажы санавиация дәрігерлерімен бірлесіп нәрестеге көмек көрсетті. 

ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, ұшқыштар Сергей Пинигин мен Азамат Кабден болды. Сондай-ақ бортта отырған санитарлық авиация дәрігерлері Ботагөз Акашева мен Лариса Величко нәрестеге үздіксіз медициналық бақылау жасаған.

– Олар Өскеменге қиындықсыз ұшып барды. Авиациялық және медициналық қызметтердің жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында кішкентай пациент уақтылы облыстық медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.