Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 10:57 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды.

"16 қарашада Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған,Теміртау, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген компания хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Сондай-ақ тұрғындарға ашық ауада , әсіресе жол бойы немесе басқа ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқартуға кеңес беріледі. Сонымен қатар, созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдарға сыртта болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүру ұсынылады.