Сарыарқа ауданында әкесімен аулаға серуендеуге шыққан бес жасар бала жоғалып кеткен. Өз бетімен ұлын іздеп таба алмаған ер адам дереу полиция көмегіне жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарына бірден кірісті.
"Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты. Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды", делінген 2025 жылғы 16 қарашадағы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.