Кішігірім сенсация: Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең ойнады (ФОТОШОЛУ)

Бүгін, 16:03 / Ділда УӘЛИБЕК
сурет: turkystan.kz / Ділда Уәлибек

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің J тобы аясында Қазақстан құрамасы "Астана-Аренада" Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама сапында 7-ойынын өткізген 17 жастағы Дастан Сәтпаев ойынның 9-минутында гол салып, есеп ашты.

Екінші тайм басында бельгиялықтар есеп теңестірсе де, ойын соңына дейін есепті тең ұстап, 8 сейв жасаған қақпашы Темірлан Анарбеков кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Бельгияның басты командасымен 7 рет кездескен-тін. Бес рет жеңіліп, 2 рет тең ойнаған ұлттық құрама футболшылары кеше кішігірім сенсация жасап, әлемнің ТОП-10 командасына кіретін Бельгия командасын үйлеріне ұпайсыз қайтаруға шақ қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін сегіз ұпаймен аяқтап, J тобында төртінші орынға табан тірейді.

 Cуреттердің авторы: Ділда Уәлибек

Тэгтер:

Қазақстан Футбол ұлттық құрама Бельгия