UFC жартылай орта салмағында (77,1 келі) өнер көрсететін қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмонов жаңадан чемпион атанған Ислам Махачевке ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшы Джек Делла Маддаленаны жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген Махачевтің жетістігін құттықтай отырып, өз парақшасында қысқа да нұсқа жазба қалдырды.
«Исламды жоғары деңгейдегі өнерімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунттағы басты сын-қатер – мен екенімді ұмытпаңдар», – деп жазды Рахмонов X желісінде.