16 қарашада Алматы қаласы мен Қазақстанның 16 облысына дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Қонаев қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігі, батысы мен солтүстігінде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда жел 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 17–22 м/с.
Атырау облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Атырауда ара-тұра тұман болады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда желдің күшеюі 15 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында да кейде тұман түседі.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с. Қостанай қаласында желдің екпіні 15–20 м/с.
Абай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыс орталығында желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Таразда түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болады. Оралда да тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың шығысы мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады.