«Қайрат Нұртастың даусын емдету керек»: Медеу Арынбаев күтпеген мәлімдеме жасады

15 қараша, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші, қазақ эстранасының танымал өкілі Медеу Арынбаев Қайрат Нұртастың қазіргі шығармашылығы мен дауыс жағдайына қатысты өз ойын айтты, деп жазады turkystan.kz. 

Әртістің айтуынша, Қайрат соңғы жылдары тым көп жүктемемен жұмыс істеп жүр, сондықтан оған ең алдымен тынығып, дауысын қалпына келтіру маңызды.

«Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болса, халық оны мұнша көтермелемес еді ғой. Халық айтса, қалып айтпайды.
Ол ырғақты жақсы сезеді, өзінің ерекше интонациясын тапқан. Дауысы қобыздың үніндей, біздің жанымызға жақын элементтер бар. Ол фониатрға барып, дауысын емдетуі керек. Бұл — көп еңбекті қажет етеді. Біз сияқты айына, аптасына бір рет шықпайды. Ол күн ара жолда жүр, күн ара той-домалақта жүріп жатады.
Бұл — оңай дүние емес, сақтықты талап етеді», — деді әнші.