Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:10 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 15 қарашада елдің тоғыз қаласында – Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеожағдайлар – әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты факторлардың әсерінен атмосферада ластаушы заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді құбылыстар. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, халықтың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ластану деңгейін анықтауда жел жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық жағдайлар шешуші рөл атқарады.