Нұрсұлтанның алименттік қарызы 1 жарым миллион теңге – Фариза Алмазқызы

Бүгін, 23:14 / Өтей Торғайұлы

Танымал әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы экс-күйеуінің балалары алдында қанша қарыз екенін жайып салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазған.

"Алимент қарызы 1,5 млн екен. Маған жаңа номерімен жазып жатыр: "Қазір 500 мың берем, сен арызыңды ал, сосын қалғанын берем" дейді. “Ақшаңды тезірек алғың келсе, арызыңды алып қолхат жазып бер” дейді. Бұл жерде мен ақымақпын ба әлде мені ақымақ қылып тұр ма?!", - деп оқырмандарына сауал тастады Фариза Алмазқызы.

Айта кетейік, жайдарманшы Фаризамен 2018 жылы отбасын құрған болатын. Ал былтыр Н. Жақсыген әйелімен ажырасып кеткені жайлы мәлімдеген.

Тэгтер:

Нұрсұлтан Жақсыген Фариза Алмазқызы