Сән салонына кіріп кеткен ат желі жұлдызына айналды

Бүгін, 17:48 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Бразилияның Терезина қаласындағы сұлулық салонына ерекше «клиенттің» келген сәті түсірілген видео тарады. Ат еш кедергісіз салонға кіріп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тіпті жануарлар да сыртқы күтімнен тыс қалғысы келмейді», – деп пікір қалдыруда желі қолданушылары.

Жануар өзін өте байсалды ұстаған.

«Келіп, жалын қидырып шыққан сияқты», «Өзіне де косметикалық процедура керек шығар», «Айнаға да қарап тұр», деп желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр.

Видео қысқа уақытта мыңдаған қаралым мен пікір жинаған.

Тэгтер:

Жылқы сән салоны ат