Өзбекстанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Бүгін, 16:58 / Інжу Әлихан
Ақорда

Өзбекстан астанасы Ташкентте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Санымен қатар Мемлекет басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.