Өскен өңір

Бүгін, 14:15 / Ділда УӘЛИБЕК
сурет: Орталық коммуникациялар қызметі

Абай облысының әкімі Берік Уәли Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында баяндама жасады. Аймақ басшысы брифингте өңірдің қалай дамып жатқанына тоқталып, инфрақұрылымын жаңартуға, экономика өсімін жеделдетуге бағытталған стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар туралы баяндады. 

Бюджет 500 млрд теңгеден асты

Биылғы 9 айда Абай облысының әлеу­мет­тік-эко­но­микалық даму көр­сет­кіш­­терінде оң ди­на­мика бай­қалған. Көлік са­ласы – 123,4 пайызға, байланыс – 106,4 пайыз­ға, өңдеу өнеркәсібі – 101,3 пайызға, іш­кі сауда – 105,9 пайызға, ауыл шаруа­шы­лы­ғы – 102,8 пайыз­ға, инвестиция тарту 103,1 пайызға өскен. 159,9 мың шар­шы метр жаңа баспана пайдалануға берілген.
Облыс әкімінің сөзінше, өңірдің тарихи әлеуетін, тың мүмкіндіктері мен көлік-ло­гис­­тика саласындағы по­­тенциалын ескеріп, об­­лыс экономикасын әртарап­тан­дыру мақ­са­тында талдау жасалған.
– Облыс дамуының кешенді негізгі ба­ғыт­тары ай­қын­далып, биыл 17 мамыр күні жер­гілікті тұрғындарды Өңір­дің кешенді да­му жоспарымен таныстырдық. Даму жос­­па­рының негізгі бағыттары мыналар: Семей қала­сы­ның инфрақұрылымын дамыту үшін якор­лық жоба ре­тінде жаңа шағын аудан құры­лысын салу; инвесторларға жағдай жа­сау, экономиканы әртараптандыру және эко­номикалық өсімді арттыру үшін ин­дустр­иал­дық аймақтың көлемін ұлғайту; туризмді да­мыту; ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл – аймақ үшін үлкен бетбұрыс, жүйелі жоспар жә­не межелі міндет, – деді Берік Уәли.
Мемлекеттік бюджетке облыстан 441,4 млрд теңге салық пен мін­дет­ті тө­лемдер түсіпті. Оның ішінде рес­пуб­­ли­ка­лық бюджетке – 316,7 млрд, жер­­гілікті бюд­жет­ке – 124,7 млрд теңге. Өткен жылмен са­лыстырғанда 137,3 пайыз өсім байқалған.
Осылайша, Абай облысы құрылған кезде бюд­жеттің жалпы көлемі 251,3 млрд теңге бол­са, бүгінде бұл көрсеткіш 2 есе өсіп, 500,9 млрд теңгеге жетті.

Инвестиция саласында да серпін бар

Өңірде бизнесті қолдау және инвес­тиция тарту шаралары қабылданып жатыр. Жыл басынан бері іске асырылып жат­қан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін өсті, ал тартылатын инвестициялар көлемі 2,2 трлн тең­геден 3,5 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде 50 жоба Ұлт­тық цифрлық ин­вес­тициялық платформаға енгізілген. Ірі ин­вестициялық жобалардың бірі – көлемі 577,5 млрд теңгені құрайтын жалпы ұзын­дығы – 297 шақырым «Аягөз – Бақты» темір­жол желісінің құрылысы. Бұл – өңірдің және тұ­тас еліміздің дамуына тың серпін беретін Мемлекет басшысының тікелей тап­сыр­масымен басталған үлкен жоба. Мердігер ұйым – China Harbour Engineering Company. 10,5 мың га жер учаскесі резервке қойылған. Жобаның техникалық-экономикалық негіз­демесі бекітілді, 2023 жылы іске асыру бас­талды. Қазіргі уақытта жобаға 30 млрд теңге инвестиция салынды. Нысанды 2027 жыл­дың желтоқсанында пайдалануға беру жос­парланып отыр. 
Бұдан бөлек, өнеркәсіп саласында Түр­кияның Miryildiz Kz Ltd. компаниясы жалпы құны 480 млн АҚШ доллары болатын «Ал­тын өндіру фабрикасын салу» жобасын іске асыруды бастады. Биыл жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 453 жұмыс орнын құрумен 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінге 13,3 млрд теңгеге 7 жоба жү­зеге асырылды, 124 жұмыс орны құрылды. Жыл соңы­на дейін құны 12,6 млрд теңгелік 255 жұмыс орнын құру­ды көздейтін тағы 7 жобаны іске асыру жоспарда бар.
Сонымен қатар өңірден шыққан елге та­нымал тұлғалардың, кәсіпкерлер мен ме­ценаттардың қатысуымен өткен «Туған жер­ге туыңды тік» атты инвестициялық фо­рум­да 336 млрд теңгеге маңызды 15 келісімге қол жеткізілген. Оның ішінде жалпы сомасы 31,7 млрд теңгені құрайтын 2 жоба іске асы­рыла бастаған.
– Инвестиция тарту және өңірдің жаңа өнер­кәсіптік базасын қалыптастыру мәсе­лесіне тоқталатын болсақ. Аумағы 96 гектар «Өндіріс» индустриялық аймағында 3 жаңа жобаға жер беріліп, толыққанды игерілді. Ин­дустриялық аймақты 186 гектарға дейін кеңейтіп, шағын өнеркәсіп паркін құру жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Ин­весторлардың өңірге деген қызығушылығы индустриялық аумақты кеңейту қажеттілігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты Семей қаласының өнер­кәсіптік аймағында 500 га жер бөлуді жос­парладық. Бұл жобаны іске асыру ин­вестиция тартуға, жаңа өндірістер мен жұмыс орын­да­рын құруға мүмкіндік беріп, өңірдің тұ­рақ­ты дамуын қам­тамасыз етеді, – деді өңір бас­шысы.

Ет комбинаты салынады

Аймақтағы туризм саласын үйлестіретін арнайы бас­қарма құрылған. Басты жобалар­дың бірі – Әзербайжан Рес­публикасы инвес­торларының қатысуымен «Алакөл» емдеу-сауықтыру кешенінің құрылысы. Бұл жоба бойын­ша екі мемлекеттің басшылары 21 қа­зан күні келісімге қол қойды. Қазір құры­лыс орнын бекіту жұмыстары ке­лісілуде. Со­нымен қатар қытайлық компаниялар «Сан Бао», «Ванджан» және «Жудинг груп» Ала­көл туристік аймағында жалпы алаңы 40 га тез құрылатын 100 шағын қонақүйлердің құрылысы жоспарланды.
Ауыл шаруашылығы саласында 9 айдың қорытын­дысы бойынша 339,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Су сала­сында 2024-2028 жыл­дарға арналған кешенді жос­пар аясында 6 су қоймасы салынып, 10 гидротехникалық ны­сан мен 17 ирригациялық жүйе жаңар­тыл­­мақ. 
Абай облысының Жаңасемей ауданында «Евразия­АгроСемей» ЖШС базасында ет өнім­дерін экспорттауға мүмкіндік беретін 7,7 млрд теңгеге жылына 11,4 мың тон­на шы­ғарылатын ет комбинаты жобасы іске асыры­лып жатыр. Кәсіпорын 2026 жылдың та­мыз айында іске қосылады деп жоспар­ла­нып отыр.  
Абай облысындағы ең өзекті мәсе­лелер­дің бірі – ха­лықты жылумен қамтамасыз ету. Президент пен Үкімет­тің қолдауының ар­қа­сында биыл бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге бө­лінген. Бұл қаражатқа Семей қаласын жылу­мен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 12 жылу көзі жаңғыртылып, 13,6 шақырым жы­лу желілері ауыстырылыпты. 
Мемлекет басшысының халықты са­па­лы ауыз­сумен қамтамасыз ету жө­­ніндегі тапсырмасына сәйкес Абай облы­сын­да 33 жоба іске асырылып жатыр. С­емей­де төрт жолақты жаңа көпір салынбақ. Жол жөн­деуге биыл 21,4 млрд теңге қарастырыл­ған, бұл қаражатқа 358,8 шақырым жол жөн­деуден өтеді. 
Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай «Абайға құрмет» акциясы аясында елі­міздің әр өңірі облысқа бір нысаннан салып бермек. Ұзындығы 297,5 шақырым болатын «Бақты-Аягөз» темір жолының құрылысы бас­талды. «Келешек мектептері» ұлттық жо­басы аясында облыс­та биыл 4 мектеп ашыл­ды. Қазір Семей қала­сын­дағы Шығыс кен­тінде 300 орындық мектептің құры­лысы жал­ғасып жатыр. 2024 жылы өңір бойынша 62 алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек нысаны пайдалануға берілген.

Тэгтер:

Берік Уәли Семей Абай облысы брифинг