Бельгияның футбол құрамасы Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін елорда әуежайында біз 15 қараша күні Қазақстан құрамасына қарсы матчқа шығатын команданы қарсы алдық», - делінген Астана әуежайының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, 15 қараша 2025 жылы елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчы өтеді.
Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастырады, , деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады:
1. «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы
2. «Астаналық цирк» автотұрағы
3. «Бас Мешіт» автотұрағы
4. «Орталық саябақ» автотұрағы
5. «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.
Автобустардың қозғалысы сағат 16:00-ден басталады.
Әкімдік жанкүйерлерді өз ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.