Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз ер адамның бойжеткенге тиісіп, оны тапаншамен қуған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бойжеткен бутикке тығылып үлгерген, ал ер адам тапанша шығарып, оны күтіп тұрған. Қыз полиция шақырған.
Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы дереу барған. Күдікті ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.
“Ұсталған адам – тұрақты тұрағы жоқ, мас күйінде болған. Оның қолындағы ойыншық тапанша қоршағандарға қауіп төндірмеген. Аталған факт бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды”, – деді ведомство.
Іс материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.